Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кеңесінің қаңтар айындағы отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтіп, оның барысында 10 мәселе қаралды. 

Ғылыми кеңес отырысы университет ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен өтті.

Психология, педагогика және мәдениет факультетінде «С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын»  жүзеге асыру аясында оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы ППжМФ деканы Г.Б.Куленова баяндама жасады.

Университеттің факультеттері мен колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова факультеттегі оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру бойынша анықтама берді.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипова университет факультеттеріндегі 2020-2021 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының қорытындылары туралы, сондай-ақ «2021-2022 оқу жылын қабылдауға бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша элективті пәндер каталогын» бекіту туралы ақпарат берді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық шеңберінде қосдипломды білім беруді жүзеге асыру барысы туралы Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі басшысының м.а. Д.Р.Сапарова, волонтер жылын іске асыру шеңберінде университеттің волонтерлік қозғалысы қызметінің қорытындылары туралы Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім басшысының м.а. Б.М. Анас, университеттің білім алушылары мен жас ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмысы туралы ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. Ш.Х. Найзабаева хабарлама жасады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі басшысының м.а. Т.А. Абылайханова диссертациялар (жобалар) тақырыптарының, ғылыми жетекшілер мен рецензенттердің ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы 1 курс магистранттарының бекітілгені туралы ақпарат берді. 

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатова университетте кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы туралы, Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисова университет түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтып берді.

Сонымен қатар, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың ҚР БҒМ БҒСБК Экология және география кафедрасының меңгерушісі  К.Ж. Дакиеваның кандидатурасын  «қауымдастырылған профессор» ғылыми атағын беруге ұсыну туралы ақпараты тыңдалды. 

Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo