Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кеңесінің қараша отырысы өтті

Университет ректоры М.Ә.Төлегеннің төрағалығымен Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті, онда 7 мәселе қаралды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-ды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру шеңберінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмысты жетілдірудің жай-күйі мен перспективалары туралы факультет деканы М.Н. Мадияровтың баяндамасы және университет факультеттері мен колледжінде оқу-әдістемелік, тәрбие және ғылыми жұмыстың ұйымдастырылуын тексеру жөніндегі комиссия төрайымы, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К. Алипованың анықтамасы тыңдалды.

Ғылыми кітапхананың директоры П.К. Нұралиева университет кітапханасында «Антиплагиат» жүйесін пайдалану туралы, ал кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б.Б. Келгембаева университет оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың 2021 жылға арналған жоспарын бекіту туралы хабарлама жасады.

С.Аманжолов атындағы ШҚУ профессор-оқытушылар құрамының кандидатураларын «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» республикалық конкурсына ұсыну туралы академиялық мәселелер жөніндегі проректор Д. Ерболатұлы, университет түлектеріне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисова, университет факультеттері мен кафедраларындағы кәсіптік бағдар беру жұмысының барысы туралы Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатова хабардар етті.

Оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы Н.Ә. Сәдірбекова 2020 жылға арналған мемлекеттік емтихан комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo