Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы «100 жаңа оқулық» сериясының тағы 30 жаңа оқулығымен толықты

С. Аманжолов атындағы ШҚУ кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясындағы 58 кітапқа қосымша тағы 30 оқулық алды, олардың ерекшелігі – практикалық бағыттылығы.

Жоба – «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру бағыттарының бірі, оны БҒМ тапсырысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры жүзеге асырады.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми оқу кітапханасында этика, эстетика, құқық, қазіргі заманғы педагогика, экономика, журналистика, өнер және т.б. бойынша оқу құралдары еркін қолжетімділікте пайда болды.

Бұлар – АҚШ, Британия, Франция, Швейцария және Ресей сияқты алдыңғы қатарлы елдердің ең үздік оқу құралдары. Әлемнің озық университеттерінің оқу бағдарламаларында үнемі басылып шығарылатын нақты ғылыми «блокбастерлер». Бұл оқулықтар оқу үдерісіне 2018 жылдан енгізіліп келеді. Аталмыш кітаптардың ерекшелігі – олардың практикалық бағыттылығы.

Жаңа басылымдар ішінде «Ғылыми зерттеу жүргізу жөніндегі нұсқаулық» (авторы – Зина О'Лири), «Эндрюс бойынша азаматтық процесс: сот процесі және негіздері, I том, 1-2 бөлім» (Нил Эндрюс), «Әлемдік музыка тарихы, 1-2 бөлім» (Филип Больман), «Педагогикаға кіріспе» (Бартлетт Стив, Бертон Диана), «Саяси философияға кіріспе» (Уолф Джонатан), «Тарихи этнология» (С.В. Лурье), «Тарихи білім тарихы» (Репина Л.П., Зверева В.В., Парамонова М.Ю.), «Этика: Теория және қазіргі заманғы сұрақтар» (Барбара Маккиннон, Эндрю Фиала) және басқа оқулықтар бар.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo