Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы: «Абайтанудың» 3-ші томы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы студенттер мен оқытушыларды «Абайтану. Таңдамалы еңбектер»  көптомдық басылымымен таныстыруды жалғастырады. 2015 жылдан 2020 жылға дейін «Қазақ университеті» тарапынан шығарылған серия абайтану бойынша таңдаулы зерттеулерді қамтиды.

Бүгін сіздердің назарларыңызға «Абайтанудың» 3-ші томын ұсынамыз.

Басылымның үшінші томы мына белгілі тарихшылардың, филологтардың, жазушылардың, әдебиеттанушылардың, абайтанушылардың ғылыми еңбектерін қамтиды: Марғұлан Әлкей «Абай қолжазбасы», Машанов А. «Ұлы ұстаз Абай», Сүйіншалиев Х. «Абайдың қарасөздері мен нақылдары», Нұршайықов Ә. «Шұғылалы шумақтар», Әлімбаев М. «Абайды қайталап оқығанда», Қирабаев С. «Абай – қазақ әдебиетінің классигі», Ахметов З. «Өлең өрнектері», Қабдолов З. «Абайдың ақындығы», Кәкішев Т. «Абайдың сатирасы», Нұрқатов А. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», Сахариев Б. «Өшпес мұра», Дүйсенбаев И. «Абайдың поэмалары мен аудармалары», Бердібаев Р. «Кемеңгерлік келбеті», Қожакеев Т. «Абай – сатирик», Базарбаев М. «Абайдың жаңашылдығы», Дербісалин А. «Қазақ поэмасының тарихынан», Хасенов М. «Абай шығармаларындағы сын», Талжанов С. «Абай Құнанбаев», Әбдірахманов Т. «Мәңгі жас мұра».

Шәмшиябану Қанышқызы Сәтпаеваның «Абай және Еуропа халықтарының әдебиеті» атты мақаласы бізге Абай шығармашылығын ежелгі және Батыс Еуропа әдебиетінің призмасы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді:

Кітаптардың электронды нұсқаларымен ШҚУ Ғылыми кітапханасының сайтындағы (https://library.vkgu.kz/) «РУХАНИЯТ» электронды кітапханасы» деректер базасынан танысуға болады. 

Л. Ершова, Ғылыми кітапхананың бас кітапханашысы

Қазақ
× You found a Typo