Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғылыми кітапханасы ел Конституциясының 25 жылдығына арналған «Ата заң – алтын арқау» көрмесінен виртуалды репортаж ұсынды

Ел Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасы «Ата заң – алтын арқау» көрмесінен виртуалды репортаж ұсынады.

1995 жылғы 30 тамыздағы жалпыұлттық референдумда Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 25 жыл (1998 және 2007 жылдардағы кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен) қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми кітапханасы Сіздердің назарларыңызға «Ата заң – алтын арқау» көрмесінен виртуалды репортаж ұсынады.

Кітапхана оқырмандарының назарына еліміздегі конституциялық құқықтың тарихы мен дамуы бойынша кітаптар мен анықтамалық басылымдар, Қазақстанның конституциялық құқық саласына қатысты нормативтік-құқықтық актілер, Президент жарлықтары және басқа да актілер, Конституцияға ғылыми-құқықтық және ғылыми-практикалық түсініктемелер, сондай-ақ Конституцияның қалыптасуы туралы қазақстандық ғалымдардың еңбектері ұсынылған.

Қазақстанның конституциялық даму мәселелеріне қызығушылық танытқандардың барлығын осы айтулы күнге арналған көрмеге қатысуға шақырамыз.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo