Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынады

ШҚУ Ғылыми кітапханасы оқырмандар назарына студенттер оқу залында ашылған Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты кітап көрмесін ұсынады.  Мерейтойға арналған көрме жыл бойы жұмыс істейді.

 Көрменің басты мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың саясаты арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін оқырмандарға таныту.

Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастарға үйретуге ерекше көңіл бөлуіміз керек.

Университет ұжымын биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, ашық аспан, мықты денсаулық тілейміз! Барлық бастама-талпыныстарыңыз жемісті болып, еліміз гүлденіп, көркейе берсін!

Көрме мекенжайы: №1 ғимарат, 303 дәрісхана.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo