Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» – М. Шоу. «Халықаралық құқық»

ШҚУ Ғылыми кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан кітаптармен таныстыруды жалғастырады.

ШҚУ кітапханасының оқу залдарында этика, эстетика, құқық, қазіргі педагогика, экономика, журналистика, өнер және т.б. бойынша оқу құралдары еркін қолжетімділікте пайда болды, олар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция және Швейцария сияқты алдыңғы қатарлы елдердің үздік оқу құралдары. Енді мұндай мүмкіндік біздің студенттерімізде де пайда болды. Бұл оқулықтар оқу үдерісіне 2018 жылдан бастап енгізіліп келеді. Бұл кітаптардың ерекшелігі – олардың практикалық бағыты.

 Бүгін біз сізді Малколм Н. Шоудың «Халықаралық құқық» оқулығымен таныстырғымыз келеді. 

Автор – корольдік адвокат, британдық заң академигі, Кембридж университетіндегі Lauterpacht халықаралық құқық орталығының редакторы және аға ғылыми қызметкері, британдық халықаралық құқық және салыстырмалы құқық институтының сенімді өкілі. Ол әлемдегі жетекші халықаралық заңгерлердің бірі, Халықаралық құқық институтының (Associé of the Institut de Droit International) мүшесі, сондай-ақ Сямынь халықаралық құқық академиясының кураториумының негізін қалаушылардың бірі. Ол – халықаралық құқық бойынша ең көп сатылатын кітаптың авторы.

Малкольм Шоудың екі томдық «Халықаралық құқық» кітабы – осы салаға арналған ең жақсы кітаптардың бірі. Оқулық халықаралық құқықтың әртүрлі аспектілерін қарастырады, әртүрлі елдердің құқықтық жүйелері мен тәжірибелерін салыстырады. Бұл кітап халықаралық құқық бойынша ең құнды оқулықтардың бірі болып табылады. 10 тараудан тұратын бірінші кітапта халықаралық құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріледі, әртүрлі құқықтық жүйелердің нормалары салыстырылады, олардың ерекшеліктері мен негізгі принциптері талқыланады. Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуы, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметі туралы философиялық және әлеуметтік көзқарастар нақты мысалдармен келтірілген. Халықаралық келісімдердің түрлері, келісімнің шарттары мен міндеттемелері туралы егжей-тегжейлі жан-жақты ақпаратты қамтиды. Ол халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекет аумағы және теңіз құқығы туралы кең ақпарат береді. 12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, мемлекеттердің жауапкершілігі, дауларды бейбіт жолмен шешу, шарттардың құқықтары мен міндеттері туралы кең ақпарат бар. Автор Халықаралық соттың, Біріккен Ұлттар Ұйымының, Қауіпсіздік Кеңесінің және басқа да халықаралық ұйымдардың қызметін нақты мысалдарға негізделген ақпарат бере отырып көрсетеді.

Бұл оқулық қазақ және орыс тілдеріне аударылған және Заң және халықаралық құқық факультеттерінің студенттеріне, сондай-ақ осы оқу пәніне қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналған. Сіздер тәуелсіз Қазақстанның заманауи өміріне бейімделген әлемнің жетекші ғалымдарының еңбектерін зерделеудің бірегей мүмкіндігіне ие болдыңыздар.

  Аталған оқулықтардың электронды нұсқасын 100кітап.kz порталынан табуға болады, олар еркін қолжетімді.

Оқулықтар туралы толық ақпаратты https://library.vku.kz/page/ruhani-zhangyru.html кітапхана сайтынан да алуға болады. 

Л. Ершова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасының бас кітапханашысы

Қазақ
× You found a Typo