С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқырмандар назарына құқық саласы бойынша шыққан оқулықтарды ұсынады.
Халықаралық құқық тақырыбына арналған бұл аса құнды оқулықтар – құқық саласындағы ұғымдарға анықтама беріп, түрлі құқық жүйелерінің өзіндік ерекшеліктері мен басты принциптерін жан-жақты сипаттап қарастыратын, әлемдік деңгейдегі университеттердің үздік тәжірибесімен және жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін шетелдік авторлардың басылымдары.
Олар студенттерге, құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, заңгерлерге, осы салаға қызығушылық танытатын оқырмандар қауымына арналған.
А. Ноғайбаева,
ғылыми кітапхана