С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан 17 кітаптан тұратын кезекті блокты ұсынады.
Назарларыңызға ұсынылатын кітаптарда білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәні талданып, кеңінен түсіндірілген.
Бұл оқулықтар педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.
А. Ноғайбаева,
Ғылыми кітапхана