Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы: «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының басылымдарымен таныстыруды жалғастыруда.

Мемлекеттік саясат

Мемлекеттік саясаттың негіздеріне арналған бұл еңбек саясат қалыптастыру жəне заң дайындау процесіне ден қояды. Кітапта мәселені анықтауға, күн тəртібін белгілеу мен мемлекеттік саясатты қалыптастыруға түрлі факторлардың қалай əсер ететіні сараланады. Əр тарауда негізгі ұғымдар мен идеялар қарастырылып, олардың қалай қолданылатыны нақты мысалдар негізінде талданған. АҚШ-тың мемлекеттік саясатындағы процестерге басымдық берген бұл басылымда экономикалық дағдарыс жағдайында шешім қабылдау мәселесі, сондай-ақ, мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы Обама əкімшілігі мен Буш əкімшілігінің ерекшеліктері салыстырылады. Оқулық саясаттану мамандығын таңдаған студенттерге және мемлекеттік саясат туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналған.

Саясаттану

Саяси ғылымға кіріспе бойынша үздік оқулық саналатын Эндрю Хейвудтың «Саясаттануы» «саясат» ұғымы мен құбылысы туралы түсінік және саясаттану жөніндегі қарама-қайшы көзқарастарға сипаттама береді. Автор саяси идеяларды негізгі идеологиялар тұрғысынан қарастыра отырып, мемлекеттің саясаттағы рөліне, легитимдіктің маңызына, мемлекеттің басқару жүйелеріне, ұлтшылдықтың негізгі теорияларына тоқталады. Саясаттағы өзара байланыс – саясат пен экономика, мәдениет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа; сондай-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен процестеріне, ішкі және халықаралық саясаттың түйісуі және жаһандық саясат мәселелеріне талдау жасалады. ХХІ ғасырдағы әлемдік саяси тәртіптің өзгеруі, жаһандық басқару және оның тиімділігі, дәстүрлі саясаттың кемшіліктері баяндалады.

Бүгінгі саясат пен саясаттануға кіріспе ретінде жан-жақты мағлұмат беретін оқулықтың осы бесінші басылымы саясаттану бөлімінде оқитын студенттерге, сондай-ақ осы пәнге қызығушылық танытушы оқырманға арналған.

Классикалық араб философиясы: Антология

Бұл кітап ортағасырлық шығыс философиясының әлем, болмыс, құдай, ақыл, жауһар (субстанция), араз (акциденция) сияқты және басқа да тақырыптар төңірегінде өрбиді. Жинаққа әл-Фараби, әл-Кинди, Ибн Сина, әр-Рази, әл-Ғазали т.б. ғұламалардың еңбектері іріктеліп алынған. Қолыңыздағы басылым аясында бұл еңбектер қазақ тіліне тұңғыш рет аударылды.

Оқулық философия, дінтану мамандығын таңдаған студенттер, оқытушылар мен зерттеушілерге және философияға қызығушылығы бар барша оқырман қауымға арналған.

Қытай философиясының қысқаша тарихы

Аталмыш еңбек XX ғасырдағы Қытайдың көрнекті ғалымдарының бірі Фың Юләннің қаламынан туған. Кітапта екі мыңжылдық дәстүр және модерн дәуіріне дейінгі Қытай философиясы жүйелі түрде әрі ұғынықты тілде топтастырылған. Еңбекте оқырманға таныс Конфуций, Лао-цзы, Мо-цзы, Мэн-цзыдан өзге де қытай философтары және философиялық мектептер туралы сөз болады. Сондай-ақ Қытай философиясы мен Батыс философиясы арасындағы айырмашылықтар мен ерекшеліктер де назардан тыс қалмаған. Кітап, ең алдымен, бакалавриатта оқитын студенттерге арналған. Оған қоса, философия ілімін танып-білуге талпынған көпшілік қауымға да өте пайдалы.

Үнді философиясының тарихы

Routledge баспасының əйгілі «Əлемдік философия» сериясы аясында жарық көрген «Үнді философиясының тарихы» – кейінгі үш мың жыл ішінде үнді ой мектептерінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан түрлі ағымдар мен ғұлама ойшылдар жөнінде жан-жақты мəлімет беретін халықаралық зерттеу жинағы. Жинақты əзірлеуге осы саланың ең беделді ғалымдары қатысқан. Барлығы 58 тараудан тұратын бұл кітапқа енген мақалалар «Таным, контекст, ұғымдар», «Философиялық дəстүрлер», «Өзара ықпалдастық: модерн жəне постмодерн» деген үш ауқымды тақырып аясында топтастырылған. Осыған дейін қазақ тілінде кешенді түрде үнді философиясын талдаған еңбек болған емес.

Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға жəне философия пəніне қызығушылық танытатын көпшілік оқырманға арналған.

Жапон философиясының қысқаша тарихы

Америкалық танымал ғалым Томас П. Касулистің бұл еңбегінде жапон философиясының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі тарихы хронологиялық ретпен баяндалған. Автор жапон философтарын, олардың еңбектері мен теорияларын әр дәуірдің өзіндік ерекшеліктеріне және түсініктерімен ұғымдарына сипаттама бере отырып таныстырады. Кітапта жапон философиясына халықаралық қарым-қатынастың, тарихи оқиғалардың, елдегі ертеден-ақ негізі қаланған мектептер мен академиялардың, дін мен саясаттың тигізген ықпалы ғылыми тұрғыдан зерделеніп, дәйекті тұжырымдар жасалды. Сондай-ақ автор Күншығыс елі философиясы мен Батыс әлемі философиясының өзара сабақтастығы жайындағы пікірталастарды талдап, саралайды. Оқулық жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және философия тарихына қызығушы көпшілік қауымға арналған.

Ислам философиясы: Оксфорд оқулығы

Халид әл-Руайхеб пен Сабина Шмидткенің жетекшілігімен құрастырылған «Ислам философиясы: Оксфорд оқулығында» ІХ–ХХ ғасырлар аралығындағы ислам философиясының көрнекті өкілдерінің зерттеу мәселелері, адамзат ақыл-ойына қосқан үлесі сараланған. Көптеген ғылым салалары бойынша маңызды еңбектер қалдырған алғашқы ислам философтары әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, Ибн Рұшд сияқты тұлғалардың өмір жолы мен көзқарастары, философиялық мұрасы зерделенген. Сонымен қатар Даууани, Мир Дамад, Молла Садра сынды постклассикалық және Зәки Нәжиб Махмұд, Мұхаммед Иқбал секілді модерн кезең ойшылдарының туындылары да қарастырылған. Оқулықта осы аталған және басқа да фәлсафа өкілдерінің метафизика, онтология, логика, табиғат философиясы, эпистемология, психология т.б. тақырыптардағы шығармалары кеңінен талданады. Айта кетерлігі – әр тарауда авторлар түпнұсқа мәтіндерді негізге алған. Кітап жоғары оқу орны студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, оқытушыларға және ислам философиясына қызығатын барша оқырман қауымға арналған.

Батыс философиясының тарихы

Бертран Рассел – ХХ ғасырдағы аса көрнекті ойшылдардың бірі, философ, математик, тарихшы және Нобель сыйлығын иеленген жазушы. Оның Еуропа ой-дүниесінің ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі дамуын зерделеген «Батыс философиясының тарихы» атты кітабы – әлемнің көптеген тілдеріне аударылған танымал еңбек. Үш кітаптан тұратын зерттеу антика дәуіріндегі рационалды ойдың қалыптасуынан бастап, Сократ, Платон, Аристотельден, Аугустин, Руссо, Кант, Шопенгауэр, Ницше, Маркс, Дьюиге дейінгі философтардың доктриналарына терең талдаулар жасайды. Автор бұл еңбегінде әр ойшылды өскен ортасымен сабақтастыра қарастырып, философияға тән ұғымдар, ілімдер, көзқарастармен қатар, рухани ізденістерге ықпал еткен тарихи үдерістерді де тартымды баяндайды. Еркін пікірталас дискурсы тұрғысынан жазылған кітап гуманитарлық білім саласын зерттеуші мамандарға, философтар мен мәдениеттанушыларға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Әлеуметтік зерттеу әдістері

Ройс Синглтон мен Брюс Стрэйтстің «Əлеуметтік зерттеу əдістері» кітабы – əлеуметтік зерттеудің ғылыми жəне логикалық негіздерін жан-жақты сипаттайтын оқу құралы. Негізгі тəсілдер мен ғылыми зерттеулердің логикасы арасындағы тепе-теңдікті ескере отырып, бұл кітап зерттеудің төрт тəсілі – эксперимент, сауалнама зерттеуі, далалық зерттеулер жəне қолда бар деректерді пайдаланудың сипаттамасын ұсынады. Эмпирикалық зерттеу мысалдарын ұсына отырып, зерттеу процесін егжей-тегжейлі баяндау студенттерге зерттеу барысын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, ғалымдар мен оқытушыларға, статистика саласында білімін арттырғысы келетін барша оқырман қауымға арналған.

Әлеуметтік жұмыс: Контексі мен практикасы

Әлеуметтік жұмыстың контексі мен теорияларын жан-жақты талдап, таразылайтын оқулық «Әлеуметтік жұмыс: контексі мен практикасы» (Social Work: Contexts and Practice) деп аталады.

Бұл еңбек Австралия мен Жаңа Зеландиядағы әлеуметтік жұмыстың практика теориялары, әлеуметтік қызметкер мен клиент арасындағы байланыс түрлері, әлеуметтік жұмыс практикасында кездесетін заңдар және олардың қолданылу ерекшелігі, әлеуметтік жұмысқа бағытталған саясат, әлеуметтік қызмет көрсетуде басшылыққа алынатын философиялық-рухани қағидалар туралы баяндайды. Байырғы халықтардың мәдениеті мен өмір сапасының басты қағидаларын басшылыққа алатын әлеуметтік жұмыс практикасы құндылыққа ие екенін көрсетеді. Әлеуметтік жұмыстың мәдени аспектілері, билікпен байланыс, отаршылдық тарихы, Австралия мен Аотеароа – Жаңа Зеландияның байырғы халқына қатысты жүргізілетін әлеуметтік жұмыс туралы талдау – бұл кітаптың артықшылығы деуге болады. Осы және алдыңғы басылымда кітап авторлары Мэри Коннолли, Луиза Хармс пен Джейн Мэйдмент көтерген Транс-Тасмания болашағы туралы мәселелер оқырман үшін ерекше қызық болатынына сенімдіміз.

Кітап әлеуметтік қызметкерлерге, осы сала студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ әлеуметтік жұмысқа қатысы бар барлық сала мамандарына арналады.

Көшбасшылық: Теория және практика

Он үш тілге аударылып, тоқсанға тарта елге таралған «Көшбасшылық: теория және практика» оқулығы көшбасшылық теорияларын кәсіби және ғылыми тұрғыдан терең талдап, оларды нақты ситуацияларда қалай қолдануға болатынын зерделейді. Автор әр тарауда ұтымды құрылымдау арқылы оқырманның түрлі теорияларды оңай салыстырып, меңгеруіне жол ашады. Тың кейс-стадилер мен сауалнамалар көшбасшылық әдістері жайында түсінік қалыптастырып, жеке басшылық стилін анықтауға көмектеседі. Бұл кітап әлеуметтік ғылымдар мен бизнес, басқару бағытында білім алып жатқан студенттерге ғана емес, жалпы оқырманға пайдалы іскерлік әдебиет санатында.

Мемлекеттік қаржы

Мемлекеттік қаржы саласын зерттеуге зор үлес қосып, кең танылған қос автор – Харви Ш. Розен мен Тед Гейер бұл еңбегінде «Үкімет ақшаны қалай жұмсайды, кірісті қалай арттырады? Экономикалық саясат жүргізуге кім құқылы?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, өз пайымдарын түрлі дәлелдермен негіздейді. Оқулықта үкіметтің экономикаға әсер ету ауқымы мен құқықтық негіздері, қоғамдық шешім қабылдау процесі, білім беру саясаты, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, кедейлікпен күресу бағдарламалары, салық салу және оның тиімділігі, әділ салық негіздері, ірі түсім көздері сияқты бірқатар өзекті мәселелер жан-жақты талқыланады. Бұл еңбек экономика, әсіресе мемлекеттік қаржы тақырыбын зерттейтін мамандарға, студенттерге, сондай-ақ қаржылық сауатын арттырғысы келетін көпшілік қауымға арналған.

Шағын бизнесті басқару: Кәсіп бастау және венчурді дамыту

Шағын бизнес – дүниежүзілік экономиканың басты тірегі. Әлемдегі қаражаттың көбі алпауыт компанияларда емес, үй жанындағы шағын дүкендерде, гүл сататын дүңгіршектерде, кішкентай кофеханалар мен тігін шеберханаларында айналып жатыр. Әр адам ұдайы көлігінің майын ауыстырып, оны жуғызады, сансыз рет жақындарына гүл сыйлайды, таңғы шайға тәтті тоқаш сатып алады, көйлегінің етегін қысқартып, үйін жөндетеді. Осының бәрін шағын бизнес субъектілері атқарады. Қолыңыздағы оқулық Америка Құрама Штатындағы шағын бизнеске қатысты заңнамаға сүйеніп жазылғанымен, бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлердің өмірі мен табысқа жету құпиясынан сыр шертеді.

Бұл еңбек адам бойындағы кәсіпкерлік «өзекті» тани білуден бастап, кәсіпорынды құру, өсіру, дамыту, тіпті мұраға қалдыру сынды кезеңдердің бәрін мысалдармен, кейстермен толықтыра отырып егжей-тегжейлі сипаттайды. Оқулық экономика, менеджмент, кәсіпкерлік бағытында білім алып жатқан студенттерге және кәсіпкерлік табиғаты туралы тереңірек білгісі келетін көпшілік оқырманға арналады.

Нәтижелі келіссөз: Алғышарттар мен амалдар

Келіссөз теориясы мен тәжірибесіне тың көзқарас ұсынатын бұл кітап келіссөздің негізгі элементтері – өзара түсіністік, сенім, үстемдік ету және этиканы жан-жақты талдайды. Сонымен қатар келіссөздегі ақпарат алмасу, шешім іздеу және шегінудің әдіс-тәсілдерін сипаттайды. Медиация процесі, мүдделі топтың атынан келіссөз жүргізу, мәдениетаралық келіссөздер, жұмыс орны мен бизнестегі келіссөздер де кеңінен қамтылған. Сондай-ақ келіссөзшілердің жеке дағдыларын жетілдіруі мен келіссөзді тиімді басқару тетіктеріне баса назар аударылды. Бұл кітап – бизнес, құқық, адам ресурстары менеджменті, еңбек қатынастары салаларының студенттері мен кәсіби мамандарына арналған маңызды оқу құралы.

Тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті: Ұғымдар мен технологиялар

Бұл еңбек тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті саласын, оған қатысты теориялар мен тұжырымдарды жүйелейді. Кітап тұтынушыларға құндылық жеткізу үшін олармен қарым-қатынас орнатуды негізгі бизнес-стратегия ретінде қарастырып, тұтынушымен қарым-қатынас менеджменті (CRM) ұғымы, оның артықшылықтары, қолданылатын жағдайлары, технологиялары мен стратегияларын түсіндіреді. Сонымен бірге тұтынушыға қол жеткізу, оны ұстап қалу және өзара қарым-қатынасты дамыту кезеңдері жан-жақты қамтылып, тұтынушыға қатысты деректер жинау, оны қолдану және бұл процестерде маркетинг, сату, ақпараттық технологиялар, HR-менеджмент, қызмет көрсету, бухгалтерлік есеп және стратегиялық менеджмент салалары қалай байланысатынын көрсетеді. 15 тараудан тұратын еңбек әр тақырыпқа қатысты кейстер, нақты мысалдармен толықтырылған.

Оқулық экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

Стратегиялық бренд-менеджмент

Танымал бренд – компанияның ең құнды активтерінің бірі, оны қалыптастыру көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді. «Стратегиялық бренд-менеджмент» кітабы бренд туралы негізгі түсініктермен қатар бренд капиталының мәні мен мазмұнын, оның функциялық, эмоциялық қырларын таныстырады және бренд капиталын қалыптастырудың ұтымды әдіс-тәсілдерін ұсынады. Авторлар компанияның ұзақмерзімді табыстылығын арттыру жолындағы брендті басқару стратегиясының тиімді тұжырымдамалары мен қағидаларын ортаға салады. Танымал компаниялардың тәжірибесінен алынған мысалдарды нақты кейстерге сүйене отырып түсіндіреді.

Қазақ тіліне 4-басылымы аударылып отырған оқулық экономика мамандықтарында білім алушы студенттерге, ірі, орта және шағын бизнес менеджерлері мен маркетологтарына, ұйым басшыларына, сондай-ақ осы салаға қызығатын көпшілік қауымға арналған.

Бастауыш мектеп мұғалімі: Шеберлікті шыңдау

Бұл бестселлер нұсқаулық Англияның оқу бағдарламасындағы соңғы өзгерістерді, соның ішінде 2014 жылғы Мемлекеттік білім бағдарламасын және Шотландияның Мемлекеттік білім бағдарламасы жобасын жан-жақты талдай отырып жазылған. Автор гуманитарлық ғылымдар докторы Рассел Григг теорияға, зерттеулерге және нақты сынып тәжірибесінің мысалдарына (кейс-стади) сүйене отырып, бастауыш мектеп мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау үшін не қажет екенін жан-жақты талқылайды. Кітап педагогика саласының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ ізденіс үстіндегі тәжірибелі мұғалімдерге арналған.

Рефлективті оқыту негіздері

Бұл кітапта мұғалімдердің кәсіби білігін көтеру, соның ішінде мектепте практикалық даярлықтан өту және үздіксіз кәсіби даму әдістері баяндалады. Мұғалімнің сабақ беруі, оқушылармен қарым-қатынасы және олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеуі, сондай-ақ оқу барысын бағалау процестері жөніндегі жан-жақты нұсқаулық. Рефлективті оқыту әдістері бастауыш мектеп пен негізгі мектепке мұғалімдер даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл басылымдағы қосымша материал ретінде берілген нұсқаулықтар мен веб-сайттарда тәжірибелі мұғалімдердің көп жылғы тәжірибесі ескерілген. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы бағыттағы зерттеушілер мен сала мамандарына арналған.

Тарихи білім: Пәні және зерттеу әдістері

Кітапта тарихи білімнің қалыптасу, қолданылу және өзгеру процестері сипатталады. Тарих пәнінің әдістері, тарихи зерттеуді тиімді жүргізу тәсілдері, тарихи тәжірибенің қазіргі жетістіктері мен әлі де зерделеуді қажет ететін тақырыптары талданады. Еңбек оқырманға тарих пәнінің негізгі мәселелері туралы түсінік беру, оларды ауқымды контексте қарастыру және тарихшылардың қандай жұмыс атқаратынын анықтау сияқты негізгі үш мақсатты көздейді. Сонымен бірге әлеуметтік ғылымдардағы тарихтың рөлі, қоғамдық тарих пен оның түрлері, тарихи білім саласын түбегейлі өзгертетін цифрлық технологиялар мен ресурстарды пайдалану, цифрлық тарихтың тәсілдері, олардың маңызы және тарихшыларға қажетті машықтар кеңінен қарастырылады. Оқулық жоғары оқу орындарындағы тарих факультетінің студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, оқытушыларға және тарихқа қызығатын оқырман қауымға арналған.

Ұлттың этностық тамыры

«Ұлттың этностық тамыры» – халықтар мен этностар тақырыбында жазылған халықаралық деңгейдегі зерттеулердің іргетасына айналған ғылыми еңбек. Кітапта халықтардың шығу тегі мен ыдырауы, аман қалуы мен қазіргі заман көшіне ілесуінің түпкі себептері жан-жақты зерттелген. Халықтардың энтос ретінде бекуінің негізгі үш өзегі – халықты ұйыстыратын діні, тілі және атамекенінің ықпалын егжей-тегжейлі зерттей келе, тарихтан ойып орын алған немесе аты мәңгіге өшкен халықтардан мысал келтіреді. Небір сын сағатты бастан өткерген этностар генеалогиясына үңіле отырып, этни, этнос, ұлт ұғымына жеке-жеке тоқталады. Энтони Смиттің бұл еңбегі жоғары оқу орындары студенттеріне, зерттеушілер мен жалпы оқырман қауымға арналады.

Этнография: Зерттеу принциптері

М.Хаммерсли мен П.Аткинсонның «Этнография: зерттеу принциптері» кітабы – этнография саласындағы тың тақырыптарды зерделеу арқылы ғылымның дамуына зор үлес қосқан, ондаған жылға созылған еңбектің жемісі. Этнографияның теориясы мен практикасы бірдей қамтылған еңбекте авторлар кейстерді таңдау және іріктеу, деректерге қол жеткізу, далалық зерттеулер мен сұхбаттар жүргізу, деректерді жинау және жүйелеу сияқты этнографиялық зерттеудің негізгі құралдары мен тәсілдеріне кеңінен тоқталады, этнографиялық зерттеу жүргізудің этикалық мәселелерін де қарастырады. Кітапта классикалық еңбектермен қатар, соңғы кезде жүргізілген зерттеулерге де сілтеме жасалып, көп мысал келтіріледі. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ этнографиялық зерттеу әдістеріне ден қойған мамандарға арналған.

Халық саны және қоғам: Демографияға кіріспе

Бұл кітап демография ғылымының негізгі тұжырымдары мен мәселелерін қамти отырып, демография пәніне жан-жақты кіріспе оқулық ретінде құрастырылған. Мұнда туу, өлім-жітім, көші-қон, нәсіл, халықтың жастық және жыныстық құрамы сияқты өзекті тақырыптар кеңінен қарастырылады. АҚШ, Азия, Еуропа және Африканың түрлі елдерінен алынған мысалдар әлем халқының дамуы мен өзгеруін сипаттайды, олардың қоршаған ортаға һәм адамзат болашағына әсерін зерделейді. Демография пәні бойынша қазақ тіліне аударылып отырған тұңғыш оқулық әлеуметтанушы мамандар мен студенттерге ғана емес, аталмыш білім саласына қызығатын көпшілікке арналған.

Өнер философиясы. Кіріспе

«Өнер философиясы. Кіріспе» – өнер табиғаты мен құндылығының философиялық теорияларының анық та ықшам шолуы. Ол өнерді, кескіндемені, мүсін өнерін, музыканы, биді, сәулет өнерін, киноны, концептуал өнерді және перформансты қамтиды. Бұл екінші басылымға бейнелеу өнері, музыка, концептуал өнер, Гегель және өнер мен қоғам тақырыптары бойынша айтарлықтай жаңа зерттеулер қосылған. Классикалық және заманауи философияға, әдебиет теориясына және өнер сынына сүйене отырып, Ричард Элдирдж өнердің қолданбалы, шартты және экспрессивті қырларын зерттейді.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo