Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы: классикалық ұлттық музыка композиторы Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл

Биыл домбырашы, композитор, қазақ мәдениетінің қайраткері Дина Нүрпейісованың туғанына 160 жыл (1861-1955 жж.).

Ол – ұлттық музыкалық мәдениетте аты аңызға айналған бірден-бір әйел адам. Дина шығармалары қазақ домбыра музыкасының классикасына айналды, оның ішінде "Бұлбұл", "Көк түп", "Байжұма", "16 жыл", "Әсем қоныр", "Той бастар", "Сауыншы", "8 наурыз" және т.б. күйлері бар. Оның алғашқы шығармаларының қатарында қазақ халқының музыкалық дәстүрі сақталған "Бұлбұл", "Байжұма", "Көлгентүп" сияқты туындылар бар.

Аса көрнекті домбырашы және халық композиторы Дина Нүрпейісованың шығармашылық мұрасында түрлі стиль элементтерін синтездеу арқылы қазақ домбыра музыкасының жаңа стилінің негізін қалайтын туындылар ерекше құнды болып табылады.

Құрманғазы атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі Нүрпейісованың көмегімен көптеген күйлерді меңгерді. Ол өзінің орындаушылық мәдениетін домбырада ойнаудың бірегей тәсілдерімен байыта түсті.

О. Бедарева, Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo