Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасы С.Есениннің 125 жылдығына арналған виртуалды көрмені ашты

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы ақын С. Есениннің туғанына 125 жыл толуына орай «Не жалею, не зову, не плачу» атты виртуалды көрмені ашты.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы өз оқырмандарын атақты орыс ақыны Сергей Александрович Есениннің (1895-1925) туғанына 125 жыл толуына арналған «Не жалею, не зову, не плачу» («Өкінбеймін, шақырмаймын, жыламаймын») атты виртуалды көрмеге шақырады.

Оның есімі мен өлеңдерінің айналасында ондаған жылдар бойы шу басылмай келеді. Ол – ХХ ғасыр тарихындағы ерекше тұлға.

Сергей Есениннің тағдыры қарапайым адами стандарттарға бағынбайтын таңғажайып болды. Қысқа мерзімде – тек 30 жыл ғұмырында Сергей Есенин үлкен өмір сүргендей көп нәрсе жасады. Ол жүздеген өлеңдер мен бірнеше поэмалар қалдырды, онда ол өзінің туған жеріне, табиғатына, адамдарына деген ыстық сүйіспеншілігін білдірді.

Есенин – сүйікті және танымал орыс ақыны. Оның өлеңдері әлемнің көптеген елдерінің тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне аударылған. Есениннің шығармаларын Қ. Мырзалиев, С. Жиенбаев, Ғ. Орманов, А. Шәмкенов, Қ. Бекхожин және басқалары аударған.

Бір күн өтті, өртенеді өзегім.

Келіп қалды-ау өзімнің де кезегім.

Сәл ақырын саусағыммен бір сызып,

Қақ бөлемін жұмбақ жылдар өзенін.

 (Қ. Мырзалиевтің аудармасы).

Виртуалды көрме

ВИРТУАЛЬНАЯ ВЫСТАВКА 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo