Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Ғылыми кітапханасында ШҚО оқу орындары кітапханаларының қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша семинар өтті

Шығыс Қазақстан оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылатын С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасы «ШҚО оқу орындары кітапханаларының қызметіндегі өзекті аспектілер: дәстүрлі тәжірибелер, жаңа мүмкіндіктер» атты семинар ұйымдастырды.

Кездесу ZOOM платформасында өтті және пайдаланушының кітапхана қабырғасында болуын талап етпейтін, кеңістіктік, мәртебелік және уақыттық шектеулері жоқ қашықтықтан кітапханалық қызметтерді қалыптастыру және дамыту мәселелеріне арналды.

ШҚУ-дың әдістемелік жұмыс және кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Светлана Самойлованың "Заманауи ақпараттық кеңістіктегі кітапханалық қызмет көрсетудің инновациялық формалары" баяндамасы тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

"Қазақстанның заманауи кітапханасы: ол қандай болуы керек?" тақырыбын О. Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхананың қызметкері Әсел Омарова қаузады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті кітапханасының директоры Гауһар Әкімжанова "Кітапханаңы жаңарту" тақырыбында сөз сөйледі.

Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің кітапхана меңгерушісі Надежда Недосекова қашықтықтан оқыту және өзін-өзі оқшаулау жағдайындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті ("Қашықтықтан оқыту кезеңінде студенттер мен оқытушыларды ақпараттық қамтамасыз ету").

Семинар барысында алынған практикалық кеңестер мен ұсыныстарды қатысушылар тәжірибеде қолданатын болады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo