Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғылыми кітапханасында XVIII-XX ғасырлардағы сирек кітаптарды цифрлау жұмыстары жүргізілуде

Коллекцияның сақталуын қамтамасыз ету және ол туралы ақпаратты ілгерілету мақсатында университет кітапханасы XVIII, XIX, XX ғасырлардағы сирек кітаптар қорының сирек кездесетін басылымдарын цифрландырды.

Кітапхананың сирек кітаптар қорында XVIII, XIX, XX ғасырларға тиесілі орыс, ағылшын, неміс, француз және басқа да тілдердегі 10 мыңнан астам басылым бар.

Қорда сирек кітаптардан басқа мемориалдық коллекциялар, журналдар, газеттер, атластар және бейнелеу материалдары сақтаулы.

Сирек кітаптар қорының қызметкерлері үнемі каталогтау және ғылыми-зерттеу қызметін жүргізеді, бұдан басқа, қордың неғұрлым құнды бөлігінің электрондық каталогын жасау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Коллекцияның сақталуын қамтамасыз ету және ол туралы ақпаратты ілгерілету мақсатында университет кітапханасы сирек кітаптарды («Сирек кітап» сайты http://library.vkgu.kz/rarefund) цифрлау жобасын жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда барлығы 400-ге жуық сирек кітаптар цифрландырылды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo