Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғылыми кітапханасының электрондық ресурстары интернет-кеңістік ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді

Автоматтандырудың басты нәтижесі – интеграцияланған кітапхана кешенін құру, бұл кешенде «Ирбис 64+» автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесінің 4 кіші жүйесі, 150 қосуға арналған жергілікті есептеу желісі, серверлік жабдық, корпоративтік желі өзара байланысты жұмыс істейді.

Кітапхананың барлық компьютерлері Интернет желісіне қосылған. Оқу залдарында WiFi желісі жұмыс істейді.

Кітапхана қорлары электронды каталогта көрсетілген. Кітапхананың электрондық каталогының құрамына «Кітаптар», «ШҚМУ ғалымдарының еңбектері», «Мақалалар», «Сирек қор», «Электронды толық мәтінді құжаттар кітапханасы – Руханият», «Әлеуметтік тарих» ДҚ, «ШҚМУ басылымдарының мұрағаты» және т.б. деректер қоры енгізілген.

Кітапхана сайты – http://library.vkgu.kz – қостілді. Кітапхана және оның ресурстары туралы ақпараттан басқа (электронды каталогтар мен іздеу дерекқорлары) on-line коллекциялармен жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Сайт кітапхана қорынан құжаттарды электронды түрде жеткізуге өтінімдер ресімдеуде және библиографиялық анықтамаларды орындауда делдал болып табылады.

Кітапхана форумдарда және әлеуметтік желілерде өз ресурстарын жарнамалау және жылжыту бойынша белсенді жұмыс істейді.

Жалпы кітапханалық сайтты қызметтердің кең спектрінің қуатты маркетингтік арнасы және жаһандық ақпараттық кеңістіктің ресурстарына қол жеткізудің ыңғайлы «қақпасы» ретінде бағалауға болады.

Кітапхана өзінің электрондық ресурстарын – электрондық кітапхананың негізін қалаушы ядросын үнемі өсіруде. Бұл библиографиялық, рефераттық және толық мәтінді электронды ресурстардың симбиозы, сонымен қатар кітапхана қабырғасында ғана қол жеткізуге болатын жеке мәліметтер базасы.

Кітапхана электрондық өнімдерді іріктеу мен есепке алуды ұйымдастыру және оларды пайдалануды бақылау, э-топтамаларға жазылу және оларды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндеттерін жоспарлы түрде шешуде.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo