«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «ТжКБ түлегінің әлеуметтік-экономикалық портреті» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді.
Пікірталасқа қызметі облыс жастарының кәсіби дайындығымен және азаматтық белсенділігімен тікелей байланысты ғылыми және педагогикалық қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шақырылған сарапшылардың арасында әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО бас ғылыми қызметкері Элеонора Столярова болды.
Бірқатар өзекті мәселелер басты назарда болды: әр түрлі деңгейдегі оқу орындарының бүгінгі түлектерін кәсіби даярлау мәселесі қаншалықты өткір тұр, мамандық бойынша жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мәселелері қалай шешілуде, кәсіби білім саналы түрде таңдала ма және біздің аймақ жастарының кәсіби-білім беруді таңдау мәселелерінде кәсіби бағдарлаудың рөлі қандай?
Пікірталас соңында жастардың мамандық таңдаудағы жеке белсенділігінің және олардың тез жаңғыртылатын еңбек нарығы жағдайындағы бейімделу дағдыларының рөлі аталып өтілді.
«Алтайтану» ҒЗО