Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында ғалымдардың жобалары қаралды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылу барысы, оның ішінде ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және монетизациялау перспективалары талқыланды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген атап өткендей, мемлекет бүгінде ғылымды жақсы қаржыландырады және ол ұлғаятын болады, бірақ ғылыми жұмыстарды, зерттеулерді жүргізудің, жобаларды іске асырудың басты қорытындысы нақты нәтиже болуы тиіс.

– Біздің ғалымдарымыз айналысатын барлық жобалар маңызды, бірақ бізге нақты практикалық нәтижелер қажет, – деп атап өтті университет ректоры.

Бұдан басқа, оның айтуынша, перспективалық міндеттерді шешу үшін ірілендіруге, басқа ғылыми орталықтармен біріктіруге ұмтылу, сондай-ақ жаңа коммерцияландырылатын жобаларды айқындау қажет.

Жобаларды іске асыру бойынша 2012-2023 жылдарға арналған жобалардың басшылары Б.Қ. Рахәділов, А.Н. Алексеенко, А.А. Әлімхан есеп берді.

– 2018-2020 жылдар аралығында БИжТ ғылыми-зерттеу орталығында жалпы сомасы 335 640 000 теңгеге 4 жоба іске асырылды. Осы жобалар шеңберінде детонациялық тозаңдату, ауа-плазмалық тозаңдату, механикалық-химиялық қорытпамен қаптау, болаттарды электролиттік-плазмалық беріктендіру технологиялары, сондай-ақ полимерлі материалдарды электронды-сәулелік өңдеу технологиялары жетілдірілді. Алынған нәтижелер бойынша WOS және Scopus деректер базасына енетін журналдарға 24 мақала жарияланды және ҚР-ның 7 патенті алынды, сондай-ақ 4 монография жарық көрді. Осы жобалар есебінен жалпы сомасы 200 млн теңгеден асатын орталықтың материалдық-техникалық базасы құрылды. Қазіргі уақытта БИжТ ғылыми-зерттеу орталығында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы бойынша жалпы сомасы 207 937 000 теңгеге 5 жоба орындалуда, – деді Б.Қ. Рахәділов.

Іске асырылып жатқан жобалар арасында – «Машиналар мен құрал-саймандардың бөлшектерін термоциклді электролитті-плазмалық беріктендірудің ресурс үнемдеу технологиясын әзірлеу» (ШҚУ, Е.О. Патон атындағы электр дәнекерлеу институты (Украина) және Вроцлов ғылым және технологиялар университеті (Польша), «Экстремалды трибологиялық қосымшалар үшін бейімделген нанокомпозиттік жабындарды әзірлеу» (ШҚУ, Сумы мемлекеттік университеті (Украина), Вроцлов ғылым және технологиялар университеті (Польша).

«Магний фторидінің өнеркәсіптік қалдықтарын қайта өңдеудің плазмохимиялық тәсілін әзірлеу» тақырыбындағы жоба «ҮМЗ»АҚ бірлесіп орындалуда.

Тағы бір жобалар – «Жылу энергетикалық жабдықтардың Жоғары температуралы элементтерін коррозиядан қорғау үшін Ni-Cr-Al негізінде функционалдық-градиент жабындарын жасау», «Топырақ өңдеу машиналарының жұмыс органдарын нығайту және қалпына келтіру тәсілін әзірлеу».

Осылайша, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін отандық, сондай-ақ шетелдік ғылыми ұйымдар мен университеттердің материалдық-техникалық базалары тартылады.

«Алтайтану» ҒЗО ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкері А.Н. Алексеенко «Қазақстандағы заманауи қалалық кеңістік (қалыптасу тарихы, өзекті үрдістер мен перспективалар)» жобасын іске асыру туралы айтып берді.

Жобаның мақсаты – егемен Қазақстанның қалалық кеңістігінің қалыптасу тарихын зерделеу, оның қазіргі заманғы әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-мәдени жағдайының негізгі үрдістерін айқындау және оның одан әрі даму перспективаларын модельдеу. Нәтижесі – монография мен ұсыныстарды шығару.

«Қазақстан Республикасының демографиялық қауіпсіздік деңгейін бағалау» – тағы бір жобаның атауы осылай аталады (жетекшісі – тарих ғылымдарының кандидаты, «Алтайтану» ҒЗО директоры Ж.С. Әубәкірова).

– Өзекті демографиялық ахуалды талдау демографиялық әлеуетті айқындауға, тәуекелдер мен қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Алғаш рет демографиялық қауіпсіздік деңгейін бағалау критерийлерінің индикативтік жүйесі әзірленіп, сынақтан өткізілетін болады. Бұл тәуекелдер мен қауіптерді азайту және алдын алу мақсатында шешімдер қабылдау үшін ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді және мемлекеттің жалпыұлттық бірлігі мен қауіпсіздігін нығайтуға өз үлесін қосады, – деді жобаның зерттеу тобының ғалымы А.Н. Алексеенко.

А.А. Әлімхан «Қазақстанның рухани жаңғырудағы ономастикасы: Шығыс Қазақстан облысының латын графикасына негізделген топонимдер мен антропонимдер жүйесі» жобасымен жұмыс туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар, ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертхананың физика-химиялық зерттеулер сынақ зертханасының жетекшісі А.С. Чурсин «Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жол картасына» енгізілген жоғары оқу орны ғалымдарының жобалары туралы айтып берді.

Бұдан басқа, ҒЗИ, ҒБО, ҒЗО, ҰҒЛКП жаңа тақырыптары бойынша орталықтар басшыларының, ЖОО ғалымдарының ұсыныстары тыңдалды, жас ғалымдар мен студенттерді start-up өмірге енгізу мәселелері талқыланды.

– Біз жобаларды енгізуден мемлекет үшін практикалық пайдасы бар ғылыми-инновациялық қызметтің түпкілікті өніміне бағдарланған инновациялық-зерттеу үлгісіндегі университетке айналуға тиіспіз, – деп түйіндеді ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген. – Дәл мұндай бағытқа агросектор айналуы мүмкін, онда бүгінгі таңда біздің технологиялар мен әзірлемелерімізге айтарлықтай сұраныс бар. Бағыттардың ішінде агроөнеркәсіптік кешен, өсімдік шаруашылығы, агротуризм болуы мүмкін.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo