Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ халықаралық рейтингте еліміздегі 95 жоғары оқу орны арасынан 5 орынға ие болды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ білім беру қызметтерінің жоғары сапасы 2020 жылы тәуелсіз халықаралық және қазақстандық агенттіктер өткізген түрлі рейтингтердің қорытындыларымен расталды.

Жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингінде (ARES-2018) «АА» санатына енді. Оқытудың, ғылыми қызметтің жоғары сапасы және жұмыс берушілер тарапынан түлектердің талап етілуі (High quality performance) бойынша Қазақстанның 95 жоғары оқу орны арасында 5 орын алды.

«Webometrics Ranking of World Universities» бағалауы бойынша 12005 позицияға ие, Қазақстанның 125 жоғары оқу орны арасында С. Аманжолов атындағы ШҚУ 32 орында; 4 International Colleges & Universities бағалауы бойынша әлемнің 13600 жоғары оқу орны арасында 5491 орында, Қазақстанның 108 жоғары оқу орны арасында 20 орында.

БСҚТҚА өткізетін Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингісінде С. Аманжолов атындағы ШҚУ 6 орында, АРТА өткізетін мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР жоғары оқу орындары сұранысының ұлттық рейтингісінде 7 орында.

АРТА өткізетін мамандарды даярлау деңгейлері мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша рейтингте университеттің бакалавриат және магистратурасының 14 білім беру бағдарламасы үздік ондыққа енді.

РРА республикалық рейтингтік агенттігінің рейтингінде елдегі 15 жоғары оқу орны ішінде 5 орында.

Алғаш рет ШҚУ «IAAR Eurasian University Ranking (IAAR-EUR)» рейтингіне қатысып, елдегі 90 жоғары оқу орны арасында 15 орынға ие болды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo