Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ «Jas Otan» ЖҚ «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» онлайн дөңгелек үстелін ұйымдастырды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара Елбасының тәуелсіз мемлекет құрудағы тарихи рөлін, халықты біріктіру мен бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Балауса Амангелді Елбасының туып-өскен жері, жалынды жастық шағы туралы баяндама жасаса, «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Жазира Шарбек Елбасының өз жұбайымен танысуы, отбасылық өмірі жайлы қызықты деректер мен естеліктері туралы баяндады. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс студенті Замира Жаңабаева күрделі тарихи сәтте жауапкершіліктен тартынбай, ел болашағын айқындайтын батыл шешімдер қабылдаған Тұңғыш Президенттің салауатты өмір жолын ұстану ісін айтса, «Химия-биология» мамандығының 3 курс студенті Аружан  Бердібекова Елбасының өнер жолындағы өрнегін көпке әсерлі түрде жеткізді.

Жиынды «Jas Otan» ЖҚ-ның ШҚУ бөлімшесінің төрағасы Сағадат Мұса «Адам жақсылық атаулының бәріне – құрметке де, даңқа да ең алдымен өзінің адал еңбегімен қол жеткізеді. Елі үшін ерінбей еңбек еткен Елбасымызға көрсетер құрметіміз бен айтар алғысымыз шексіз!» деп түйіндеді. 

Тәрбие жұмысы мен әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo