Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ қашықтан жұмыс істейді және талапкерлердің құжаттарын онлайн-форматта қабылдайды

Елімізде «COVID-19» пандемиясының белең алуына байланысты С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті наурыз айынан бері санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, барлық бағытта қашықтан қызмет көрсету тәртібіне көшкен, оның ішінде талапкерлерден құжаттар қабылдауды да онлайн форматта жүргізуде.

Барлық жарнамалық, ақпараттық материалдар әлеуметтік желілер, WhatsApp және жеке телефон нөмірлері, электронды пошталар арқылы талапкерлерге таратылуда. Карантин жағдайында бірнеше күн қатарынан өткізілген ҰБТ шарасы барлық санитарлық-гигиеналық талаптарды орындай отырып, сәтті аяқталды.

Қазіргі мамандық таңдау уақытында, мемлекеттік білім гранттары конкурсына үміткер ретінде қатысу үшін құжаттарды әзірлеу кезеңінде университетте талапкерлерге онлайн кеңес беру жұмысы ұйымдастырылған. Қабылдау комиссиясының кеңес беруші қызметкерлері барлық ақпараттық құралдарды қолданумен талапкерлерге осы жылдың 13-20 шілдесі аралығында үй жағдайында отырып, egov.kz азаматтар мобильдік базасы арқылы өтініш пен құжаттарды тапсыру қажеттігін түсіндіреді.

Колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары (мамандықтары) бойынша барлық жаңа ақпараттар, оқуға түсу ережелері, құжаттар тізімі, шығармашылық емтихандарды өткізу кестелері, мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының (облыс әкімдігі) қаражаты есебінен бөлінетін білім гранттарының саны www.vkgu.kz сайтында орналастырылған.

Call-орталықтың 8 (7232) 540-812, 8 (708) 143-29-57, 8 (777) 709-83-88, 8 (777) 282-60-92, 8 (701) 345-76-89, 8 (705) 980-41-70, 8 (747) 410-91-71, 8 (771) 354-86-00, 8 (771) 381-05-22, 8 (776) 742-17-17) телефондары арқылы талапкерлер өз сұрақтарына үздіксіз жауап алуда.

Аталған сайттың «Талапкер-2020» бөлімінде қабылдау комиссиясы қызметкерлерінің байланыс телефон нөмірлері көрсетілген.

Құрметті талапкерлер, сіздерге сәттілік тілеймін! ШҚУ-мен бірге биік шыңдарға жетіңіздер!

М. Төлеген,

С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры

Қазақ
× You found a Typo