Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ кітапханасы Тұңғыш Президент күніне орай көрмелер ұйымдастырды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасы өз оқырмандарының назарына 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған көрмелер ұсынады.

ШҚУ-дың №1 ғимаратының фойесінде Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне арналған шолу көрмесі және кітапхана сайтында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты виртуальды көрме ұсынылған.

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде еліміз өзінің Тұңғыш Президентін сайлады және осы күннен тәуелсіздік тарихы басталды.

2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы, Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

1 желтоқсан – әлем таныған, дарынды тұлға, іскер саясаткер, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев күні.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo