С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан кітаптардың бүгінгі таңда 88 атауы келіп түсті.
Оқырмандар назарына музыка, өнер, этика пәндері бойынша оқулықтарды ұсынамыз. Бұл бөлім әлемдік деңгейдегі университеттердің үздік тәжірибесімен және жетістіктерімен танысуға мүмкіндік беретін шетелдік авторлардың 14 кітабынан тұрады.
Кітаптармен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі100 жаңа оқулық» атты тұрақты көрмелерде танысуға болады (№1 оқу ғимараты, 229, 303, 102 ауд.).
С. Дәрібаева,
Ғылыми кітапхана