Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ кітапханасында Абылай ханның 310 жылдығына арналған кітап көрмесі ашылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы өз оқырмандарының назарына қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханның (1711-1781) туғанына 310 жыл толуына арналған «Ұлт жүрегінен орын алған» атты кітап көрмесін ұсынады.

Хан Абылай – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Ол ел билеген кезде мемлекетте айтарлықтай өзгертулерді жүзеге асырды. Хан Абылай – барша қазақ даласында беделі талассыз болған соңғы қазақ ханы. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады.

Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.

Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, «ханның билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін» тыйғандығын жазды.

Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұқар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгірұлы жырларында, ақындар К. Жамантайұлы, М. Айтбаевтың дастандарында, І. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың, Қ. Жұмаділовтың, т.б. ақын-жазушылардың туындыларында сомдалды.

Біздің Республикамыз Тәуелсіздігінің отыз жылдығында Абылай ханның осы басты еңбегін еске алу өте маңызды сәт болмақ.

Н.Ә. Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" атты еңбегінде өз дәуірінің осы шынайы ұлының қызметі туралы: "Халық еркінің бірлігі Абылай ханның қолында болды. Батырлармен бірге жасаған біріктіруші Абылай ханның ерліктері қазақ рухының жаңғыруының бір тірегі болды» дейді.

Көрме ғылыми абонементте (№1 оқу ғимараты, 103 дәрісхана) орналасқан.

Келіңіздер, көріңіздер, оқыңыздар!

С. Хасенова,

Ғылыми кітапхана 

Қазақ
× You found a Typo