Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ кітапханасында «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Назарбаеваның 80 жылдығына арналған көрме ашылды

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Ғылыми кітапханасында «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Назарбаеваның 80 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік тұлға» кітап көрмесі ашылды.

Сара Назарбаева1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист.

1992 жылдан бастап балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Сара Алпысқызы – қоғамның, адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша бірнеше кітаптардың авторы, бақытты балалық шақ туралы тұжырымдаманы құрушы. 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығын алды.

Сара Алпысқызы «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы болып табылды.

Көрме  ғылыми абонементте (№1 оқу ғимараты, 103 дәрісхана) орналасқан. Келіңіздер, көріңіздер!

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo