С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасы студенттерді, магистранттарды, қызметкерлер мен оқытушыларды «Жаңа кітаптар әлемі» көрме-тұсаукесеріне қатысуға шақырады.
Көрмеге ШҚУ ғалымдарының еңбектері – монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, конференция жинақтары қойылған.
Оқулықтардың электронды нұсқаларымен «РУХАНИЯТ» электронды кітапханасы сайтынан таныса аласыздар.
ШҚУ Ғылыми кітапханасы сізге үйден шықпай-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік беруге қуанышты!
Көрме кітапхананың ғылыми оқу залында жұмыс істейді (№1 оқу ғимараты, 229 кабинет).
Баспасөз қызметі