Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ клубтары студенттермен онлайн кездесулер өткізді

Қыркүйек айының 10-ы мен 21-і аралығында С. Аманжолов атындағы ШҚУ клубтарының қатысуымен Инстаграм әлеуметтік желісі парақшаларында онлайн кездесулер өтті.

 Іс-шара мақсаты – университет қабырғасын енді аттаған жас буынды студенттік өмірдің қыр-сырымен таныстыру, белсенді студенттік өмірге тартып, талапты жастың талантын шыңдау.

Алғашқы кездесуді Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Марлен Әбубәкір бастап, студенттерге ЖІЖК, студенттік кеңес, оқу ордамыздағы ұйымдармен, факультеттердегі Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларымен таныстырды.

Осы лекпен әр күні әр ұйым басшысы өз бейнероликтерімен презентацияларын таныстырып, өз қатарларына бірінші курс студенттерін тартты. Еркін форматта өткен кездесуде студенттер сұрақтарына тұшымды жауап ала алды.

Бұл ұйымдар жыл көлемінде тынымсыз еңбек етіп облыс, қала көлемінде өздерін дәлелдеп жүр. Айталық, «Жас Отан» ЖҚ – «Жылдың үздік ұйымы-2018», «Шабыт» студенттер театры – республикалық, халықаралық  байқаулардың 1, 2, 3 орын иегері, «Ділмар» дебат клубы – республикалық ойындардың чемпионы, «Шамшырақ» шығармашыл жастар ұйымы – облыстық шығармашылық ұйымдардың үздігі, «Парасат» интелектуалды клубы – қалалық, облыстық ойындар өткізіп жүрген зияткер жастардың ортасы. «Мейірім» волонтерлар клубы былтыр «Жылдың үздік акциясы» марапатын жеңіп алды, «Авангард» орыс тіліндегі студенттер театры Ресей елін бағындырып келді.

Міне, біздің ұйымдар осындай! Қатарымызға қосылуға асығыңыздар, достар!

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім, 

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo