Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ қызметкерлері облыстық диалог алаңы барысында ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы айтып берді

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ қызметкерлері «Жұмыссыз жастарды айзату шаралары» атты диалог алаңына қатысты.

10 қарашада Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері ішкі саясат басқармасының қолдауымен «NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру» жобасы шеңберінде «Жұмыссыз жастарды азайту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбындағы онлайн диалог алаңына қатысты.

Іс-шараға Семей қаласының жастар және балалар ұйымдары қауымдастығының өкілдері, ШҚО білім басқармасы, ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, ШҚО бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы және т.б. қатысты.

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері «ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру» тақырыбында сөз сөйледі.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы студенттерді, жастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы хабарлайды, университет базасында компаниялардың презентацияларын, бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады, университет сайтында жұмыс берушілердің бос орындарын орналастырады, жұмыс берушілердің өтініші бойынша жұмысқа орналасуға үміткерлерді табады, жұмыс берушілермен мінез-құлық дағдыларын дамыту, мансапты жоспарлау бойынша тренингтер жүргізеді, студенттердің soft skills дағдыларын дамытады.

Университетте жыл сайын жұмыс берушілерге арналған «Түлек» электронды анықтамалығы әзірленеді.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo