Жиналыстарға Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Ж.Б. Болатова, Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті, п.ғ.к. Н.Н. Радченко және Цифрлық педагогика зертханасы жетекшісінің м.а. М.Ф. Бекпаева қатысты.
11 сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары онлайн форматта Өскемендегі №15 және Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектептерде өтті.
Ата-аналар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-мен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Ж.Б. Болатова оқу орны, университет жетістіктері, бакалавриаттың білім беру бағдарламалары туралы ақпарат беріп, ҰБТ тапсыру кезінде арнайы пәндерге ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар, әкім гранты, олимпиадалар, атаулы стипендиялар және «Жас талап» дайындық курстары туралы мәлімет берді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы