Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері Мансап орталықтарының жұмысын автоматтандыруға арналған платформаның онлайн презентациясына қатысты.
Beam командасы платформада студенттердің жұмыс берушілермен байланысы қалай жүзеге асырылатынын, мансап орталықтары жаңалықтарын қалай орналастыру және бос жұмыс орындарын жариялау мүмкіндіктерін, сондай-ақ студенттердің пікірлерін және олардың өтінімдерінің нәтижелерін қалай қадағалай алатынын көрсетті.
Іс-шара барысында платформаны құрушылар қазіргі уақытта мобильді қосымша әзірленіп жатқанын атап өтті.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы