- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унивеситетінің білім алушыларына «Ихтиология және балық шаруашылығы», «Ихтиопатология» пәндері бойынша онлайн дәріс оқылуда.
22 ақпаннан басталған дәрістер «биология» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған.
Осыған орай Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Ақтөбе өңірлік унивеситеті мен Шығыс Қазақстан университетінің «биология» білім беру бағдарламаларының 3 курс білім алушылары арасында «Қазақстанның ихтиофаунасы» атты пікірталас өтті.
Пікірталасқа екі университеттің студентері және оқытушылары қатысты. Баяндамалар оқылып, викторина сұрақтарына жауап берілді. Үздік білім алушыларға алғыс хаттар тапсырылды.
Аталмыш іс-шараны биология кафедрасының аға оқытушысы Б.К.Карменова ұйымдастырды.
Биология кафедрасы