Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ мен Қазақстан студенттерінің альянсы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазанның 6-сы мен 7-сі аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Қазақстан студенттері альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ілияс Түстікбаев болды.

Екі күндік сапарында оқу ордамызға экскурсия жасап, жастардың жұмысымен танысты. Бас оқу ғимаратын аралап, жабдықталған жаңа аудиториялармен танысып, «Абайтану», «Ғылыми кітапхана», қазақ тарихынан сыр шертетін музейді аралап, жатақхана  жағдайымен танысып,  студенттер үшін жұмыс жасап тұрған фитнес-клубта болды.

Кездесу екі жақты меморандум нәтижесімен түйінделді. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлымен Төлеген мен Қазақстан студенттері альянсының президенті Ілияс Түстікбаев екіжақты достық қарым-қатынас жөніндегі меморандумға қол қойды.

Қазақстан студенттерінің альянсы – еліміздегі студенттердің басын біріктіретін 15 жылдық тарихы бар ұйым.

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo