С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университет ректоры М.Ә. Төлеген мен Свече қаласының лингвистикалық-техникалық университетінде білім алып жатқан виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылары арасында онлайн-кездесу өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Свече қаласындағы (Польша) Лингвистикалық-техникалық университет арасында соңғы 2 жылда жемісті академиялық ынтымақтастық жүргізілуде.
С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Свече қаласының Лингвистикалық-техникалық университеті арасында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға 2019 жылғы 7 ақпанда қол қойылды.
2019 жылдың ақпан айында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректорының бастамасымен Свече қаласының Лингвистикалық-техникалық университетінің базасында «Абай» жастар мәдени-білім беру орталығы ашылды.
Жаңа бірегей орталықтың мақсаты – Польшаның студент жастарының қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, сондай-ақ ұлы ақын, ағартушы Абайдың шығармашылығы туралы білімдерін кеңінен тарату және кеңейту.
«Абай» орталығының базасында халықаралық конференциялар, әдеби кештер және т.б. өткізіледі.
2019 жылы ШҚУ-дың 5 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университетінде оқыды.
2020-2021 оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Свече қаласының Лингвистикалық-техникалық университеті (Польша) арасында «Шет тілі: 2 шет тілі» мамандығы бойынша виртуалды академиялық ұтқырлықты іске асыру басталды, оған студенттер Аяжан Фазылова (2 курс) және Әйгерім Тайшыман (4 курс) қатысты.
Онлайн-кездесу барысында университет ректоры М.Ә.Төлеген студенттерге жемісті оқу мен мықты денсаулық тіледі.
Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімі