Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ мен «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды

5 ақпанда Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

Университет атынан шартқа ректор М.Ә.Төлеген, «Мархабат.KZ» мүгедектер қоғамынан жетекшісі  Д.А. Сағдолдин қол қойды. 

5 жылға қол қойылған келісім-шарт инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты, жоғары білімі бар жоғары білікті мамандарды және жоғары білікті кадрларды даярлауды, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Зияткер» инклюзивті білім беру институтының қызметі аясында эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруды, кәсіптік білім мен ғылымның интеграциясын көздейді.

– Біз үздіксіз білім беру аясында дайындықты, «Зияткер» инклюзивті білім беру институты базасында инклюзивті білім беру аясында нақты қызметті жүргіземіз. Қол қойылған шарт тағылымдама практикасынан базалық өтуді, бірлескен ғылыми жобаларды, оқытушылар мен қызметкерлердің біліктілік бағдарламаларын іске асыруды, мамандармен алмасуды, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім беру ортасына бейімделуі үшін оларға көмек көрсетуді көздейді. Біздің университет – бұл инклюзивті білім беру бойынша ірі орталық, онда мамандар даярланып қана қоймай, нақты психологиялық-педагогикалық көмек те жүргізіледі. Институттың «Зияткер» инклюзивті білім беру базасында логопед психологтарының, дефектологтардың көмегіне мұқтаж балалармен түзету жұмыстары жүргізілуде, – деді М.Ә. Төлеген.

– «Зияткер» инклюзивті білім беру институты студенттердің өз біліктіліктерін, құзыреттерін шыңдау үшін, содан кейін мектепке сауатты мамандармен жұмысқа келуі үшін құрылған. Біздің орталықта Қазақстандағы бірде-бір университетте жоқ жоғары технологиялық жабдықтар көп, тіпті біз дайындайтын кейбір мамандықтар да өзге оқу орындарында жоқ, – деді «Зияткер» инклюзивті білім беру институтының басшысы С.А.Стельмах.

Статистика бойынша, бүгінде балалардың 30%-ының психикалық дамуы тежелген, 20%-дан астамының сөйлеу қабілеті бұзылған, 15%-ының ақыл-есі кем, 11%-ының тірек-қимыл аппараты бұзылған, 4%-ы нашар көреді, 2%-ы нашар естиді және т.б.

– Балалардың аурулары көп болған жағдайда барлық білім беру құрылымдарының, соның ішінде кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарының нақты жұмысы қажет, – деп атап өтті стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова.

«Зияткер» инклюзивті білім беру институты базасында университеттің «Онтогенез: Ресурстық орталық» жобасы іске асырылуда.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo