С.Аманжолов атындағы ШҚУ және Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Новосібір қ., Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісім қызметкерлермен, студенттермен, оқытушылармен алмасуды, бірлескен оқу білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруды, ғылыми кездесулер мен симпозиумдарды ұйымдастыруды, халықаралық жобаларға қатысуды, бірлескен ғылыми жұмыстарды жариялауды көздейді.
Бұдан басқа, ғылыми ақпарат алмасу, зерттеу орталықтары мен зертханаларға қолжетімділікті ұйымдастыру, сондай-ақ тараптардың PhD докторанттарын, аспиранттарын басқару үшін жетекші ғалымдарды тарту және ынтымақтастықтың басқа да формалары жоспарлануда.
Келісім 5 жылға жарамды.
Баспасөз қызметі