С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Келісімнің мәні білім алушылармен, оқытушылармен, қызметкерлермен алмасу, бірлескен оқу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми кездесулерді, симпозиумдарды ұйымдастыру, халықаралық жобаларға қатысу болып табылады.
Бұдан басқа, ЖОО ғалымдарының ғылыми жұмыстарын жариялау, ғылыми ақпаратпен алмасу, зерттеулер жүргізу үшін зерттеу орталықтары мен зертханаларға қолжетімділікті ұйымдастыру, тараптардың PhD докторанттарын, аспиранттарын басқару үшін жетекші ғалымдарды тарту және ынтымақтастықтың басқа да нысандары көзделген.
Келісім 5 жыл бойы қолданылады.
Баспасөз қызметі