Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ мен «Өрлеу» институты Абайға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді

Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  ұйымдастыруымен «Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.

Семинар мақсаты – Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік тәжірибенің нәтижелерін талдау және өзектендіру, Абай мұрасын оқытуда кедергісіз әмбебап орта құрудың мәселелерін шешудің стратегияларын әзірлеу.

Семинарға ЖОО оқытушы-ғалымдары, докторанттар, магистранттар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ профессорлық-оқытушылық құрамы, мектепке дейінгі, орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен пән мұғалімдері қатысты.

Қазіргі күн тәртібінде тұрған мәселе – Абай шығармашылығын орта мектеп пен жоғары оқу орындарында оқытудың, меңгертудің жолдары, озық технологиялары мен модельдерін анықтау. Осы мәселе тұрғысынан ғалымдар мен мектеп мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынып, қызу талқылаулар болды.

Ғылыми-әдістемелік отырысқа жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. Ж.С. Құрманова модераторлық етті.

Семинарда С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Абайтану» ғылыми-әдістемелік институтының директоры, ф.ғ.д. А.М. Қартаева, І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. С.Қ. Қожағұлов, Торайғыров университеті филология кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Б.Қ. Қапасова, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Р.С. Сейітқазина, Глубокое ауданы №1 Белоусовка орта мектебінің мұғалімі А.А.Тауданбекова, «Өрлеу» АҚ БАҰО Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша ПҚ БАИ «Әдіснама және педагогикалық инновация»  кафедрасының аға оқытушысы Р.П. Қабылбаева, Күршім ауданы №1 Марқакөл орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.М. Шаяхметова, Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ш. Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназияның директоры Р.С. Ұлықпанова, Глубокое ауданы Опытное поле мектебінің мұғалімі Б.М. Әбежанова, Семей қаласы №42 мектебінің мұғалімі Ж.Н. Назирова, Семей қаласы Шәкәрім атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.К. Абадилова, Семей қаласы №15 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі К.К. Күмпейісова, Семей қаласы №30 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Д.Е. Қайрашова баяндама жасап, тәжірибелерін ортаға салды.

«Абайтану» ғылыми-зерттеу институты

Қазақ
× You found a Typo