Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ мен Югра мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы келісім жасасты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ мен Югра мемлекеттік университеті (Ханты-Мансийск қ., Ресей Федерациясы) арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Ынтымақтастық нысандарының арасында білім алушылармен, оқытушылармен, қызметкерлермен алмасу, оқу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, ғылыми кездесулер, симпозиумдар ұйымдастыру, халықаралық жобаларға бірлесіп қатысу бар.

Сонымен қатар, оқытушылардың, қызметкерлердің, ЖОО білім алушыларының есептерін, мақалаларын, ғылыми жұмыстарын жариялау, ғылыми ақпаратпен, жарияланымдармен, біліммен және материалдармен алмасу, зерттеу орталықтары мен зертханаларға қолжетімділікті ұйымдастыру көзделген.  Сондай-ақ, PhD докторанттарын, тараптардың аспиранттарын және серіктестік қатынастардың басқа да формаларын басқару үшін жетекші ғалымдарды тарту жоспарлануда.

Келісім 5 жылға жасалды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo