Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ музыкалық терапия бойынша халықаралық онлайн курс өткізуде

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру орталығы 1-11 ақпан аралығында музыкалық мектептер мен колледж педагогтарына арнап, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. В.И. Петрушиннің «Жеке тұлғаның дамуы мен жан дүниесіндегі үлесімділікті сақтаудағы музыканың ролі» атты онлайн біліктілікті арттыру курсын өткізуде.

 Профессор В.И. Петрушин – Ресей Музыкалық психотерапевтер ассоциациясының вице-президенті.

Курс барысында музыкалық терапия, музыкалық коучингтің адамның эмоциялық және физикалық денсаулығын сақтаудағы ролі, музыканың адам ағзасына жасушалық деңгейде жасайтын оң ықпалы, жан дүниесіндегі тыныштық пен үйлесімділікті сақтаудағы қызметі туралы сөз етілуде. Музыкалық психология мен музыкалық психиатрия саласындағы әлемдік ғылыми жаңалықтар мен еңбектер таныстырылуда. Қызықты дәрістер ән айту, түрлі жанрдағы музыкалық туындыларды тыңдаумен жалғасуда. 

Қазіргі күнделікті өмірлік жағдайлар мен пандемияға байланысты қалыптасқан әлеуметтік ахуал адамның түрлі психикалық қобалжулар мен күйзелістерден өзін сақтай білуін қажет етеді. Сондықтан профессор В.И. Петрушиннің дәрістері тек музыканттар үшін емес, кез келген адам үшін практикалық маңызға ие деп санаймыз.

Курсқа «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі», Шығыс Қазақстан облысы бойынша қосымша білім беру мектептерінің музыканттары мен университеттің оқытушылары мен студенттері қатысуда.

Оқу аяқталған соң тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Б. Келгембаева,  Кәсіби даярлық және біліктілікті арттыру

ресурс орталығының  директоры                                                                 

Қазақ
× You found a Typo