Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ Назарбаев университетімен ынтымақтастығын жалғастыруда

Қантардың жиырма бесінде Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері Назарбаев университетінің үшінші вебинарына қатысты.

2020-2021 оқу жылында Назарбаев университетінің Мансап және кәсіптік бағдар беру орталығы тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде вебинарлар сериясының екінші легін іске қосты.

Бұл жобаның мақсаты – НУ-нің мансап орталығының үздік тәжірибесімен танысу және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасында тәжірибе алмасу, ынтымақтастық алаңын құру.

Өткен оқу жылында (2019 жылдың қазанынан бастап 2020 жылдың мауысымына дейін) Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының қызметкерлері ай сайын вебинарларға қатысты.

Екінші лек аясында университет қызметкерлері қараша айынан бастап ағымдағы жылдың тамызына дейін ай сайын студенттердің мансаптық дағдыларын дамыту және жоғары оқу орындарының мансап орталықтарының тиімді қызметін ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерге арналған Назарбаев университетінің онлайн вебинарларына қатысады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo