Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ ниет білдірушілерді магистратура мен докторантураға оқуға қабылдау ережелерімен таныстырды

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде магистратура мен докторантураға түсуге үміткерлермен онлайн кездесу өтті.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.А. Абылайханова үміткерлерді магистратура мен докторантураға оқуға қабылдау ережелерімен, сондай-ақ ағылшын тілі бойынша дайындық курстарымен таныстырды.

Онлайн кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің басшысы Е.Б. Абикак ағылшын тілінен IELTS және TOEFL®ITP халықаралық емтиханын тапсыру ережелері мен шарттары туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың қыркүйегінен С. Аманжолов атындағы ШҚУ TOEFL®ITP емтиханын тапсыру бойынша аккредиттелген орталыққа айналды.

2012 жылы TOEFL®ITP тесті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №109 қаулысына сәйкес Қазақстанда магистратураға, докторантураға және басқа да жоғары білім беру бағдарламаларына түсу үшін ресми түрде бекітілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo