Ағымдағы оқу жылында С. Аманжолов атындағы ШҚУ облыс мектептерінде 25 кафедра филиалының қызметін ұйымдастырды, олардың саны өткен оқу жылымен салыстырғанда үш есеге артты.
Кафедралар «Шет тілі: екі шет тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Ядролық физика», «Экология», «Информатика», «Құқықтану», «Кәсіптік оқыту», «Биология», «Математика», «Экономика», «Қаржы», «Бастапқы әскери дайындық», «Музыкалық білім», «Дене шынықтыру және спорт» және т.б. білім беру бағдарламалары бойынша ашылған.
Жаңа оқу жылындағы міндеттердің бірі – барлық білім беру бағдарламаларында кафедра филиалдарының қызметін қамтамасыз ету, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстың тиімді түрлерін қарастыру.
Баспасөз қызметі