Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытудың барлық түрлері үшін қашықтан оқытуды жүзеге асырады

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті оқытудың барлық түрлері үшін қашықтықтан оқытуды жүзеге асырады. Білім беру процесін ұйымдастыруда онлайн-курстар мен қашықтықтан білім беру технологиялары мен құралдары қолданылады.

Шығыс Қазақстан университеті білім алушылар мен оқытушыларға қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану нұсқаулықтарына, бағалау, аралық және қорытынды аттестаттау саясатын қоса алғанда, «Академиялық саясатқа» қолжетімділікті әзірлейді және ұсынады.

Қашықтықтан оқыту форматына көшу кезінде оқытушы нақты пән бойынша онлайн-курсты пайдалану туралы немесе қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып сабақтар өткізу туралы шешім қабылдайды.

Оқытудың кез келген форматы пәннің бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы (силлабус) шеңберінде жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту кезінде қашықтықтан оқытудың аралас модельдерін пайдалануға жол беріледі: синхронды немесе асинхронды оқыту, онлайн немесе оффлайн, аралас, балама форматтар, мысалы, вебинар түріндегі дәрістер немесе оқытушылардың бұрын жазылған дәрістеріне қолжетімділік беру; кестеге сәйкес тапсырмаларды қашықтықтан орындау формасында семинар сабақтарын өткізу және т.б.

Онлайн-режимде дәрістер өткізуге 20 минутқа дейінгі көлемде рұқсат етіледі, бұл ретте білім алушыларға дәрістердің толық конспектісі беріледі.

Дәрістер онлайн-режимде бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

Баспасөз қызметі   

Қазақ
× You found a Typo