Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары бейнедәрістерін студияда, үй жағдайында және табиғат аясында да жазуда

Виртуалды білім беру ортасында оқытудың құнды құралы болып табылатын бейнедәрістердің маңызы артып келеді. С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары студияларда, үй жағдайында және аралас форматта дәрістер жазуда.

Бейне форматын таңдауға бірнеше факторлар әсер етеді, олардың ішінде мұғалімнің стилі мен пән тақырыбы бар.

Студияда түсірілім кезінде оқытушыларға тест нұсқасын жазуға мүмкіндік беріледі, онда олар өздеріне сырттан қарап, сәтті ракурсты таңдап, жарықпен жұмыс істей алады.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының кейбір оқытушылары студиялық форматтағы бейнедәрістерді өз беттерінше жазды, онда ақ фонда оқытушылар бейнетүсірілім жүргізді, бейнематериал құрастырылды, суреттермен, анимациялармен толықтырылды және қашықтан оқыту технологиялары бөліміне дайын нұсқада ұсынылды, оларды тек университеттің YouTube арнасына орналастыру жеткілікті болды.

Кейбір мұғалімдер шығармашылықпен айналысып, аралас форматта бейнедәрістер жазды. Мысалы, биология кафедрасының оқытушылары бейнедәрістерді түсіру үшін Риддер қаласының аумағында орналасқан Батыс Алтай қорығы мен Алтай ботаникалық бағына барып қайтты. Жарқын, шынайы бейнедәрістер оқытушыларға оқылатын курстың презентациясын жандандыруға мүмкіндік берді.

Осындай форматтағы бейнедәрістер экология және география кафедрасында да жазылды. Мәселен, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа – Синегорск шырша орманына экспедиция барысында оқытушы смартфонға бейнефрагменттер түсірді. Содан кейін кадрлар студияда дыбыстық сүйемелдеумен толықтырылды, монтаждалды және қызықты, жанды бейнедәрістерге айналды, бұл заттай нысандар мен көрнекі материалдардың жетіспеушілігін ішінара өтеуге мүмкіндік берді.

Ал химия және физика кафедрасының оқытушылары зертханалық жұмыстарды көрсету үшін 40 беййнедәріс түсірді. Оқытушылар оқу зертханаларында тәжірибелер жасады, тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін қолданылатын заманауи жабдықтарды көрсетті, білім алушылар күндізгі оқу арқылы алып жүрген құнды ұсыныстар мен ескертулер берді.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін жүзеге асыру үшін ЖОО оқытушылары барлығы 1500 бейнедәріс жазды, оның ішінде студиялық жазбада – 635, үй жағдайында – 865.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo