Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушылары филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлдархан Смағұлованың 70 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция жұмысына белсене қатысты.
Конференцияның тақырыбы – «Қазақ тіл білімі қазіргі заман кеңістігінде: таным, мәдениет, коммуникация».
Кафедра меңгерушісі С.Т. Қасенов С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлегеннің «Құттықтау хатын» оқып, «Абай Құнанбайұлы» медалін табыс етті.
Конференцияның пленарлық отырысында кафедра профессоры А.Ш. Жылқыбаева «Г. Смағұлованың ғылыми мектебі» баяндамасын жасады.
Конференция жұмысына доцент К.К. Еңсебаева да қатысты.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы