- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қараша айының 18-і күні Қазақ қыздар педагогикалық университетінде «Үздіксіз практиканы ұйымдастыруда қашықтықтан оқыту мәселелері және оны шешу жолдары» атты онлайн форматта республикалық семинар тренинг өтті.
Семинарға Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының аға оқытушылары Г.Қ. Мақшиева, Г.Қ. Ниғметжанова, Г.К. Қилыбаева, Г.Қ. Есполова және «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» оқу бағдарламасының 2, 3 курс студенттері қатысты. Семинарда үздіксіз педагогикалық практиканы ұйымдастырудың өзекті мәселелері, себеп-салдары және оны шешу жолдары қарастырылды.
Кафедра оқытушылары мен студенттері ашық алаңда пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы