Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары Катонқарағай ауданының оқушыларымен онлайн кездесу өткізді

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Физика кафедрасының оқытушылары Катонқарағай ауданының оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Оқушылармен кездесу барысында кафедра меңгерушісі Г.С. Бектасова және кафедраның аға оқытушысы К.Т. Иманжанова факультет, кафедра мамандықтары, университетке қабылдау және түсу шарттары, студенттік өмір және факультетте өткізілетін іс-шаралар туралы айтып берді.

Факультет оқытушылары кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары санатты мамандар, зертханалар мен кабинеттерді материалдық-техникалық жабдықтау туралы да айтты.

Оқушыларға С. Аманжолов атындағы университет туралы үлестірме материалдар таратылып, бейнематериалдар көрсетілді.

ЖҒжТФ

Қазақ
× You found a Typo