Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары Қазақ спорт және туризм академиясының біліктілікті арттыру туралы куәліктерін алды

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Қазақ спорт және туризм академиясының базасында онлайн оқудан өтті.

Короновирус пандемиясымен байланысты шектеу шараларына қарамастан, С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ПОҚ-ы және қызметкерлері бейінді пәндер бойынша біліктіліктерін арттыруды жалғастыруда.

Курстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы белгілі ғалымдар мен жетекші мамандар жүргізді. Біліктілікті арттырудың нәтижесі куәлік болып табылады. Кеше ғана Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың ресурстық орталығы әріптестеріміздің куәліктерін алды.

Біз әріптестерімізді куәландырушы құжат алуларымен құттықтаймыз және әріптестерімізді қолдағаны үшін ЖОО басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Кәсіби даярлау және біліктілікті арттырудың

ресурстық орталығы

Қазақ
× You found a Typo