- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚУ оқытушылары мен студенттері Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен халықаралық онлайн конференцияға қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиеті білім бағдарламасының 2 курс студенттері оқытушы Қарлығаш Барбосынованың жетекшілігімен Майлықожа Сұлтанқожаұлының 185 жылдығына арналған «Түркістан – киелі тұғырым» атты халықаралық конференцияға қатысып, қазіргі түркология, әдебиеттану және тіл білімінің өзекті мәселелері, бүгінгі педагогикалық жүйенің дамуындағы негізгі принциптер, технологияның дамуындағы сандық жүйенің рөлі туралы отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамаларын тыңдады.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының әдеби мұрасы туралы Яссауи университетінің студенттерімен пікірлесіп, алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Түркология ғылыми-зерттеу институтының шараларына қатысып, біріккен жобаларды іске асыру мақсатында ынтымақтастық жоспарын құрды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы