Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары облыс оқушыларына ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өткізді

20-21 желтоқсанда Шет тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Г.К. Қапышева, Д.А. Маткәрімова, С.Ж. Бейсенова, Е.Е. Чжан, И.З. Фридман, Д.Р. Мұхамеджанова, А.Л. Козлова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде ағылшын тілінен аймақтық олимпиада өткізді.

Олимпиадаға ШҚО мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: жазбаша және ауызша.

Жазбаша турда оқушылар ағылшын тілінің лексикасы мен грамматикасын білетіндерін көрсетті, ал екінші турда монологтік және диалогтік сөйлеуді жүргізе алатындықтарын көрсетті.

Оқушылардың жоғары дайындығын атап өткіміз келеді. Олимпиадаға Шемонаиха ауданының «Н. Островский атындағы №1 ОМ» КММ, «Алтай қаласының мектеп лицейі» КММ, Өскемен қаласының №17 орта мектебінің және т.б. оқушылары қатысты.

Орындармен қатар 5 номинация да берілді.

«Best pronunciation» номинациясын Шемонаиха ауданы «Н. Островский атындағы №1 ОМ» КММ 11 сынып оқушысы Артем Борисов иеленді.

«Bestspeaker» номинациясының жеңімпазы – Алтай қаласы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Руслан Лаубаев. «Richest vocabulary» номинациясында жеңіске Риддер қаласының №1 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Виктор Серов ие болды. «Bestgrammar» номинациясын №10 КММ (Риддер қ.) 11 сынып оқушысы Алина Кондрашина жеңіп алды.

Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Екінші турдың қорытындысы бойынша өңірлік олимпиаданың қалған қатысушылары сертификаттарға ие болды.

Өңірлік олимпиаданың бас жүлдесін Алтай қаласы №9 мектебінің 11 сынып оқушысы Амина Себитова иеленді, 1 орынды Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназияның 11 сынып оқушысы Алан Құрметұлы, 2 орынды Шемонаиха ауданы № І1 мектеп-лицейінің оқушысы Владимир Кнауб, 2 орынды №14 орта мектебінің оқушысы Валерия Прапорщикова (Риддер қаласы), 3 орынды №37 орта мектебінің оқушысы Дамир Тоғаспаев (Өскемен қаласы), 3 орынды №10 мектептің (Риддер қ.) оқушысы Роман Манякин, 3 орынды  №17 мектептің (Риддер қ.) оқушысы Екатерина Нестеренко алды.

Олимпиада аяқталғаннан кейін кафедраның кәсіби бағдар берушілері Сымбат Бейсенова мен Ильмира Фридман ШҚУ-ға және «Шет тілі: екі шетел тілі», «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларына түсу мүмкіндіктері туралы айтып, кафедра мамандықтары, қызықты студенттік өмір туралы қызықты бағдарлама дайындады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo