Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ оқытушылары онлайн-сабақтарға 1480-ден астам бейнедәріс жазды

Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сабақтары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары жазған вебинарлар, практикалық онлайн-сабақтар, онлайн-дәрістер форматында өтуде.

Оқытушылар барлығы 1486 бейнедәріс жазды.

Дәрістерді онлайн-режимде өткізуге 20 минут көлемінде рұқсат етіледі, бұл ретте білім алушыларға дәрістердің толық конспектісі немесе толық таныстырылымы ұсынылады. Онлайн режимінде дәрістер бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.

ЖОО-ның оқу процесінде синхронды және асинхронды оқытуға жол беріледі. Осыған байланысты, шағын жинақты топтардағы дәріс сабақтары асинхронды оқытуға ауыстырылды.

Жұмыстың негізгі платформасы – білім беру ұйымдарының LMS. Білім алушылар тексеру үшін орындалған тапсырмаларды (Word, Excel файлдары, сканкопиялар, скриншоттар, фотосуреттер және т.б. түрінде) және сабаққа қатысуды ағымдағы бақылауды, үлгерімді ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін үнемі жүктеп отырады.

Қажет болған жағдайда оқытушы практикалық онлайн-сабақтарда пән бойынша қашықтықтан кеңес берулер ұйымдастыра алады.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo